Спорт

«Олимпиаданың алтын жолы» атты жаңа кітап таныстырылды

Несіп Жүнісбаев- «Олимпиаданың алтын жолы» кітабының авторы, ҚР Мәдениет қайраткері.

-Соңғы кітапта Лондон мен Сочидегі спортшыларымыздың жеңісі жайлы айтпақпын. Негізі, әрине Лондондағы олимпиада. Өйткені онда, қазақстандықтар 7 алтын алып, 12-ші орыннан көрінді. Бұл ел тарихындағы ең үздік олимпиада. Онда барлық спортшыларымыздың жеңісі мен жетістігі бар.

7,5 мың тиражбен шыққан басылымның тұсаукесері Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысында өткен. Бүгін міне, теріскейге де жетіп отыр. Оған өңіріміздегі спорт саласының дамуына үлес қосқан азаматтар жиылыпты. Жас спортшыларымыз болса, бұл туынды алға ұмтылуға, яғни, жеңімпаз жерлестеріміздің жолын жалғауға серпін береді дейді.

Ақан Баймағамбетов- күрестен Қазақстанның бірнеше дүркеін чемпионы.

-Көп сабақ алдық осы кітаптан. Алда 20 не 16 жылы олимпиадаға барып, жеңіп, осы кітапқа жазылсақ дейміз.Келешектғе аға-апаларымыздың жолын қайталап, жетістіктерге жете берейік.

358 бетте барлық ел құрамасы қатысқан байрақты бәсекелер біреудің сөзінен емес, терең зерттеліп жазылған. Несіп Жүнісбаев өзі олимпиадаларда болып, спортшыларымызбен бірге жеңісті де, жеңілісті де тамашалаған. Сондықтан әр спортшының қорқынышы мен қобалжулы сәттері көркем тілмен суреттеліп жазылған.

 

 

Магжан Ахмадина.