МТРА жаңалықтары

Президент сайлауына әзірлік пысықталды

Ақан Тұрсанов – Шал ақын аудандық аймақтық сайлау коммисиясының төрағасы.

-Аудандық комисмия барлық жұмыстарды атқарып жатыр. Бізде 42 учаске бар. Соның барлығында кабиналарды орнатып, стендттарды жасап, үгіт-насихат парақшаларын іліп қойдық.

Бүгінгі күні өңіріміздегі барлық сайлау учаскелері дауыс берушілерді қабылдауға сақадай сай.

Юлия Солунина – Тайынша аудандық аймақтық сайлау коммисиясының төрайымы.

-Біздің ауданымызда 31 мыңнан астам дауыс беруші тіркелген. Сайлаушылар тізімі құрылды. Тайынша ауданы облыста осыған дейінгі Президент сайлауында дауыс беруішілердің саны жағынан алдыңғы орында болды. Осы жолы да өз таңдауын жасаушылар қатары аз болмайды деген сенімдеміз.

Барлығы теріскейдегі 724 сайлау коммисиялары сәуір айының 5-нен бастап өз жұмыстарына кірісіп кетті.

 

 

Бакыт Садуакасов.