Спорт

18 сәуір “Қызыл-Жар СК” мен “Қыран” футбол командалары бақталастырады

Бірінші турда петропавлдық “Қызыл-Жар СК” Ақтаулық “Каспийге” қарсы ойын көрсетті. Бұл кездесуді тамашалауға 3 мың жанкүйер жиналғанымен, қарсылас құрамалар бір-біріне гол соға алмай тең есепте тарқасты. Турнир барысында өтетін жергілікті команданың келесі ойыны сәуірдің 18-іне жоспарланған. Онда “Қарасай” стадионында солтүстікқазақстандық футболшылар өткен маусымның көшбасшысы – шымкенттік “Қыранмен” бақ таластырады. Ал оған дейін сәуірдің 11-і күні Қазақстан кубогы ойындарының екінші кезеңі қарсаңында қызылжарлықтар семейлік “Спартакпен” кездесу матчын өткізеді. Естеріңізге сала кетейік, ойынның бірінші кезеңінде жерлестеріміз сырт алаңда қызылордалық “Байқоңырды” 0-1 есебімен тізе бүктірген. Жергілікті команданың жеңіс голын ойынның 71-ші минутында Эльмар Набиев соққан болатын.

 

Риат Шони.