МТРА жаңалықтары

Сәуір айы жылы болады

-Менің ойымша сәуір айы жылы болады.Мына жатқан қар да ақырын-ақырын ериді ғой.

-Мен көктем мезгілін жақсы көремін. Сәуір айы шуақты күндерімен қуантады деп сенемін.

Синоптиктер сәуірдегі орташа ауа температурасы қалыпты болады деп отыр. Алғашқы онкүндікте күндіз ауа температурасы 3-13 градусқа дейін жылынады, ал түнде сынап бағанасы -11 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Аслан Қажырахимов, “Казгидромет” РММ СҚО бойынша филиалы метеоболжам бөлімінің инженер-синоптигі.

-Екінші онкүндіктің бірінші жартысында ауа температурасы түнде +6, күндіз +14 градусқа дейін жоғарылайды. Одан кейін сынап бағанасы түнде -5 градусты көрсетіп, күндіз 13 градусқа дейін жылиды.

Халық арасында сәуір айында жауын-шашынның мөлшері неғұрлым көп болса, сол жылы жеміс-жидек пен егін бітік шығады деген сенім бар. Осыған орай, қазгидромет мамандары мынадай болжамдарын жасауда.

Аслан Қажырахимов, “Казгидромет” РММ СҚО бойынша филиалы метеоболжам бөлімінің инженер-синоптигі.

-Жауын-шашынның айлық мөлшері қалыпты болады. Екінші онкүндікте жауын-шашын болып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Айдың үшінші онкүндігінде шуақты күндер көбеймек. Ауа температурасы түнде -5 пен + 13 градус аралығында тұрақтайды. Ал, күндіз сынап бағанасы 13-21 градусқа дейін көтеріледі. Тарихқа көз жүгіртсек, ең жоғары температура +31 градус 1982 жылы сәуірдің 30-да тіркелсе, 1963 жылы сәуірдің бірінде сынап бағанасы – 26 градусты көрсеткен екен.

 

 

Берик Касен.