МТРА жаңалықтары

Сайлауға қызу дайындық жүргізілуде

Бүгіндері облыс бойынша 724 сайлау комиссиясы құрылған. Солардың 15-і аумақтық, ал қалғаны участкелік комиссиялар. Аққайың ауданында олардың саны 32.

Ольга Лещенко- Аққайың аудандық сайлау комиссиясының төрайымы.

-Аққайыңдықтар осындай шараларға ерекше белсенділік танытып қатысады. Ауданда қызу дайындық басталып кетті. Қазір тізімдер нақтыланып жатыр. Сондықтан барлығы ойдағыдай өтеді деген ойдамын.

Президенттікке үміткерлер өз кандидатурасын наурыздың 25-не дейін тіркей алады. Ал үгіт- насихат жұмыстары келесі күні басталып, сәуірдің 24-не дейін жүргізілмек. Ел болашағы үшін аса маңызды шараға қатысушы сайлаушылардың тізімі толық әрі нақты болуы үшін де қыруар жұмыс жасалуда. Бұл ретте семинарға қатысушылар өз сауалдарын жолдады. Оларды ауданда тұратын студенттердің қай жерде дауыс беретіндіктері қызықтырды.

Асқар Сақыпкереев- Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.

-Студенттер оқитын орнында тапсыратын болады. Ал өзге мемлекеттерде білім алатын жастар елшіліктерге барып, сол жерде өз дауысын қалаған үміткерге бере алады.

Айта кеткен жөн, облыста 360 мыңнан астам дауыс беруші бар. Ал осындай семинарлар өңіріміздің барлық аудандарында өткізілетін болады.

 

 

Магжан Ахмадина.