МТРА жаңалықтары

Петропавлда Тәжік-Ауған соғысына қатысушылардың ұйымы ашылды

Серік Ысқақов – «Ардагерлер Одағы (Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери қимылдар мен әскери шиеленістерге қатысушылар)» РҚБ СҚОФ төрағасы.

-95-ші жылы мен 7-ші айрықша атқыштар батальонына қабылдандым. Сонда торуылға тап болып, бірнеше сағатқа жалғасқан ұрыс болды. 34 адам жараланды.

Сонда Серік Ысқақовқа снарядтың екі жарықшағы тиіп жараланады. Сынықтың біреуі иығында әлі күнге дейін бар екен.

Тәжік-Ауған соғысына Петропавл қаласынан 90 адам қатысыпты. Жаңадан құрылған ұйымның қатарында, әзірше 30-ға жуық адам бар. Әскери институтта филиалдың жеке бір кабинетін ашу жоспарланып отыр.

66 37 әскери бөліміндегі кинологиялық қызметтің аға маманы Аслан Рамазанов та Тәжік-Ауған соғысына қатысқан.

Аслан Рамазанов – ҚР Ұлттық Ұланы 66/37 әскери бөлімі жедел мақсаттағы батальоны кинология қызметінің аға маманы.

-Әскер қатарына шақыртылып жатқан жас жігіттерге әскери борышын өтеу алдындағы сана-сезімін оятып, көптеген жұмыстар жүргіземіз. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске биыл 70 жыл толады. Соған дайындаламыз, қатысамыз. Мектептерде патриоттық кездесулер өткіземіз.

Айта кету керек, Тәжік-Ауған соғысы 1992-ден 97-ші жылға дейін созылған.

 

 

Данаш Хамзина.