МТРА жаңалықтары

Көктемгі су тасқынына қарсы тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Валентина Никитичева, Заречный кентінің тұрғыны.

-Былтыр құтқарушылар үйлерімізді су басқанда біраз көмек көрсетті. Қорадан мал, құсты алып шықты. Айтарым, жергілікті билік мына жолдың жағдайын түзеп, тым болмаса құм сеуіп берсе деймін.

Осы күні құтқарушылар Заречный кентінің тұрғындарымен көктемгі су тасқынына қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Олар осыған дейін Былғары зауыты ауданының тұрғындары және саяжайшылармен бірнеше кездесу өткізіпті.

Дмитрий Ростихин, Петропавл қалалық ТЖБ бас маманы.

-Біз тұрғындарға су тасқыны орын алған жағдайда қайда баруға болатынын айтып жатырмыз. Есіл өзеніне жақын орналасқан ауыл тұрғындары осы бастан құжаттарын даярлап, тосын жағдайларға сақадай сай отырса дейміз. Және үйге су кірмес үшін маңайды қардан аршып, жылғалар жасап суды ағызып отырған дұрыс болады.

Тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын құтқарушылар көктемнің басынан жүргізуде. Осы күнге дейін олар 3000- нан астам ауланы аралап шыққан.

 

 

Берик Касен.