Бизнес және экономика

М.Жұмабаев ауданының тұрғындары “Жол картасы 2020 бағдарламасын” тиімді пайдалануда

Ақлима Бәкірова – М.Жұмабаев ауданының жеке кәсіпкері.

-Қарызды 5 жылға алдық. Алғашқы 1,5 жыл төлемейтіні тиімді. Осындай жолмен кәсіпті алға жылжытып алуға мүмкіндік туады. Кәсіппен айналысу көп нәрсені талап етеді.

Осының нәтижесінде Ақлима Булаев қаласында 20 жұмыс орнын ашқан. Өткен жылдың өзінде ауданның 42 тұрығыны «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы атанған. Оларға қарызға 90 миллион теңге берілген.

Ирина Кадомская – М.Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту орталығының маманы.

-Биылғы жылы жалпы саны 48 миллион теңгені құрайтын 21 сұраным қолдау тапты…Оның басым бөлігі малшаруашылығы.

Жалпы, М.Жұмабаев ауданының 118 тұрғыны аталған мемлекеттік бағдарламаның қатысушылары атанып үлгерген.

 

 

 

Акбопе Танирберген.