Балалар

“Улыбка” қайырымдылық қоры балаларға арнап алғаш рет 3D – суреттер шоуын ұйымдастырды

Елена Даниленко – көп балалы ана.

-Бүгін отбасыммен жиналып, 3D – суреттерді көруге келдік. Маған және балаларыма өте ұнады. “Улыбка” қайырымдылық қоры, біздің жанұямызды осындай қызықты шараларға жиі шақырып отырады. Оларға алғысым шексіз.

Бүгінгі күні бұл шараға 70-ке жуық балалар қатысты. Олардың назарына алып акула, сегізаяқ, панданың суреттері ұсынылды. Жалпы, 3D – суреттер форматындағы шоу алғаш рет өткізіліп тұр.

Галина Бондаренко – “Улыбка” қайырымдылық қорының төрайымы.

-Бүгін біздің “Улыбка” қайырымдылық қоры көп балалы, аз қамтылған отбасыларына, мүгедек балаларға арнап 3D – суреттер шоуын ұйымдастыруда. Бұл шараның мақсаты, балғындарға тамаша көңіл-күй сыйлау. Сонымен қатар, олар фотосуретке түсіп, түрлі ойындарға қатысады.

Көрсетілген 3D суреттер балғындарың көзайымына айналды.

-Маған панда суреті өте ұнады. Себебі, ол маған үлкен және әдемі болып көрінеді.

-Мына дракон суреті өте қызық екен. Өзі сондай қорқынышты. Негізінде маған барлық суреттер ұнады.

 

 

Сагыныш Маркашева.