Ауыл шаруашылығы

Астық бағасы төмендеді

Қанат Бейсенов, “Қазагромаркетинг” АҚ СҚОФ директоры.

-Әлем нарығында бидайдың бір тоннасы әлдеқайда төмен бағамен сатылады. Сондықтан қазақстандық трейдерлер ел нарығында жоғары баға ұсына алмады. Қаңтар айынан азық-түлік келісім-шарт корпорациясының сатып алу бағдарламаларын тоқтатуына байланысты, астықтың бағасы түсе бастады. Бүгінде ол қосымша құн салығын төлейтіндер үшін 35 мың теңге, ал қосымша құн салығын төлемейтіндер үшін 32 мың теңгені құрады.

Бұл тек біздің өнімді сатып алушы шетелдіктерге ғана емес, көктемгі егіске тұқым сайлағысы келетіндер үшін де қолайлы. Айтпақшы, “Агробизнес-2020” бағдарламасы аясында ауылшаруашылығы тауарын өндірушілердің қондырғы мен техникаға кеткен шығындары субсидияланады. Бүгінде демеуқаржы алуға өңірдің 3 тұрғыны өтініш берген. Сондай-ақ, егін және мал шаруашылығымен айналысатындар да қаржылай сауықтыру бағдарламасына қатыса алады.

Қанат Бейсенов, “Қазагромаркетинг” АҚ СҚОФ директоры.

-Егер ауылшаруашылығы тауарөндірушілердің проблемалық несиесі болса, біз оларға көмек береміз. 2014 жылы аталмыш жеңілдікке 85 шаруа ие болды. Көмектің жалпы сомасы 112 млрд. теңгені құрайды.

Сондай-ақ, 485 солтүстікқазақстандық шаруа лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бағдарламасына қатысқан.

 

 

Берик Касен.