МТРА жаңалықтары

Облыс орталығында өрт сөндіруші мамандардың оқу-жаттығуы өтті

Наурыздың 30-нан 31-не қараған түні “101” пультіне өрт туралы хабар келіп түседі. Оны сейілту үшін өрт сөндіру қызметкерлері тез арада оқиға орнына келіп жетеді. Мамандар жеткен уақытта қызыл жалын гипермаркеттің электр желісі және полимер жабындары бойымен сауда павильондарына жайылуға шақ қалған.

Бірақ қызметкерлердің сауатты қимылдауының арқасында тілсіз жау жарты сағаттың ішінде толығымен ауыздықталды. Оқыс оқиға электр желісіндегі қысқа тұйықталудың салдарынан орын алды деп болжанды. Тілсіз жаумен күресуге 40 маман мен 10 техника бірлігі жұмылдырылды. Жалпы бұл жаттығуларды сырттай қадағалаған өрт сөндіру қызметінің басшылығы мамандардың жұмысына оң бағаларын берді.