Мәдениет

Биіктерді бағындырған балғындар

Диас Усольцев – № 8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп кешенінің оқушысы.

-Мен домбыраға үшінші жыл қатысып жатырмын. Маған өте ұнайды, мен жақсы ойнаймын. Ал конкурса желдірме және балбырауын күйін орындадым.

Сонымен қатар бұл сайысқа мектептің 5-6 сынып оқушыларынан құралған “Бұлақтар” хореографиалық ансамбльі де қатысып, 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Олар 4 күнге созылған байқауда Қазақстан, Қырғызстан және Ресей елдерінің 30 би ансамбльімен сынға түсіп, орыс және украин ұлттық билерін ұсынған. Биші қыздардың жетістіктеріне тәрбиешілері де разы.

Юлия Высочина – “Бұлақтар” би ансамблінің жетекшіс.

-Халықаралық фестиваль конкурсында біздің қыздарымыз украинның “Веснянка”, орыстың “Вечерок” билерін орындады. Алдымызға мақсат қойып, тыңғылықты дайындықпен барғандықтан, нәтижеміз жаман емес.

Оксана Бандаренко – “Бұлақтар” би ансамблінің жетекшісі.

-Біздің топтың құрылғанына 7 жыл. Мен оның алғаш ашылғаннан бергі жетекшісімін. Байқаудың деңгейі республикалық болып тұрған кезден бері қатысып келеміз. Биыл халықаралық деңгейге көтерілді. Қыздарыма жарайсыңдар, өздеріңді көрсеттіңдер дегім келеді.

Астанада өткен “Ақ көгершін” байқауынан бөлек, эстетикалық тәрбие орта мектеп кешенінің “Импровизация” деп аталатын тағы бір би ансамблі Санкт-Петербург қаласында өткен “Арт премиум” байқауынан жүлделі оралып отыр. Олар 13-14 жас аралығындағы ересек топтың бишілері.

Марина Смирнова – “Импровизация” ансамблінің бишісі.

-Қатысушылар өте көп болды. Негізінен балет биледі. Ал біз өз жетекшіміздің “аққу” деп аталатын шығармасын ұсындық. Баршасына берілген тапсырма – классикалық жанрдағы шығарманы орындау болды. Кәсіби деңгейге жетіп үлгерген бишілермен бақталастырдық.

Айта кеткен жөн, Ресейде Солтүстік Қазақстанның намысын қорғап қайтқан ансамбльдің екі қатысушысы әлемге танымал Борис Эйфманның балет академиясына қабылданып отыр.

 

 

Акбопе Танирберген.