Спорт

Петропавлда көркем гимнастикадан ашық чемпионат өтті

Аделия Тұяқова – көркем гимнастикадан ҚР спорт шебері.

-Мен болашақта Қазақстан Республикасының чемпионы болғым келеді. Және халықаралық турнирлерге қатысып, ареналарда көк туымыздың желбіреуін армандаймын.

8 жасар спортшы Виолетта Михайлова болса, Степногорск қаласының намысын арқалап келіп отыр. Көркем гимнастикадан өтіп жатқан ашық чемпионатқа, спортшы тыңғылықты дайындалаған. Айтуынша маңдай терін төккен жаттығулары өз жемісін беруі тиіс.

Виолетта Михайлова – гимнастшы, Степногорск қаласы.

-Петропавл қаласына алғаш рет келіп отырмын. Маған бұл қала өте ұнады. Чемпионатқа жақсы дайындалдым. Жеңіске жететініме сенімдімін. Себебі, маған бапкерім және отбасым үміт артып отыр.

Соңғы уақытта жасөспірімдер көркем гимнастикаға ден қоя бастаған. Демалыс күні өткен ашық чемпионат осыған дәлел. Барлығы додада Петропавл, Көкшетау және Степногорск қалаларының гимнастшылары бақ сынады. 115-ке жуық спортшы бағдарламаны толық орындап шығуға тырысты. Доппен де, лентамен де шебер өнер көрсетті.

Гульнара Рамазанова – бас төреші.

-Теріскейде көркем гимнастикадан ашық чемпионат өткізілуде. Бұл жарыс 2 күн бойы жалғасады. Сайыста 6 және одан үлкен жастағы спортшылар бақ сынауда. Гимнастшылар юниорлық бағдарлама бойынша өнер көрсетулері қажет.

Көркем гимнастикадан өткен ашық чемпионаттың қорытындысы бойынша 2008 жылы туған спортшылар арасында 1-ші орынды Астана қаласынан келген гимнаст Жанель Аненова жеңіп алды. Ал екінші орынға СҚО құрамасының спортшысы Серафима Шерстюк жайғасса, үшінші орынды өңіріміздің намысын қорғаған тағы бір жас дарын Жұлдыз Ибраева еншіледі.

 

Сагыныш Маркашева.