Мәдениет

Халықаралық театр күні

Сапар Мапенов – облыстық қуыршақ театрының актері.

-Бұл спектакльдің режиссері – Елена Покрас. Қойылым достық, өзара көмек және осы өмірде өз орнын іздеп жүрген құрт туралы. Мен ең ұзын құрттың құйрығын сомдадым. Бұл рөлдің қиындығы-сөз сараңдығында. Сондықтан қуыршақ арқылы құйрықтың қайғысын көрермендерге жеткізу керек еді.

Ертегіде достық қарым-қатынастың маңыздылығы, оның өмірдегі орны түсіндіріледі. Жалпы, қойылым соңында Апполинарий Дормидонтович өзінің құйрығымен бірге қоршаған ортаға пайдасын келтіреді.

“Ең ұзын құрт” қойылымы Халықаралық театр күніне арналып сахналанды. Бұл күні өнер ұжымының ең үздік мүшелері қошеметке бөленіп, еңбектері еленді. Қуыршақ театрының 6 қызметкерін театр қайраткерлері одағы мен мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы алғыс хаттармен марапаттады.

Сания Брылёва – Облыстық қуыршақ театрының гримші-постижері.

-Біздің қойылымдарымызды тамашалауға келетін көрермендерге ризашылығымды білдіремін. Өзім бұл мекемеде 35 жыл бойы жұмыс атқарып келемін. Балақайлардың көңілінен шығуға тырысамыз. Менің еңбегімді бағалағанына мәдениет , мұрағаттар және құжаттамалар басқарамысына алғыс айтамын.

“Ең ұзын құрт” жайындағы ертегі балақайлардың көңілінен шықты. Енді олар қуыршақ театрындағы келесі қойылымды асыға күтуде.

 

 

Сагыныш Маркашева.