МТРА жаңалықтары

Петропавлда тіл академиясы жұмыс істеуде

Жанат Мұхамеджанов, “Қызылжар қосымша білім беру және қызмет көрсету” ЖШС директоры.

-1-ші бағыт мемлекеттік тілді оқыту. 2-ші бағыт шет тілін оқыту, Оның ішінде ағылшын, неміс және түрік тілдері оқытылады. 3-ші бағытымыз – шетелде тіл курстарынан өту. Бұл АҚШ, Канада, Англия, Мальта, Кипр, Чехия, Малазия, Франция, Түркия сияқты 9 мемлекетпен келісім-шарт жасап, осы мемлекеттерде жазғы демалыстарын өткізу үшін тіл курстарын ұйымдастыру. Одан кейінгі “Мерей” атты отбасылық клубы бар. Қазақтың салт-дәстүрі, мәдениеті арқылы қазақ тіліне үйретіледі. Клубқа сенбі, жексенбі күні жанұя мүшелерімен келіп, 1,5-2 сағаттың көлемінде мемлекетік тілді үйренуге болады.

Әзірге еліміздің өзге аймақтарында осы сынды тіл акдемиясының баламасы жоқ. Материалдық-техникалық базасы мығым. 2 мультимедиялық кабинет 30 компьютермен жабыдықталған. Есептегіш электрондық машиналар ғаламтор мен Wi-Fi желісіне қосылған.

Жанат Мұхамеджанов, “Қызылжар қосымша білім беру және қызмет көрсету” ЖШС директоры.

-Сонымен қоса, онлайн тәртібінде мемлекеттік тілді оқыту жүйесін қолға алып отырмыз. Яғни ұялы телефон арқылы немесе интернетке қосылған ноутбук, компьютер арқылы осы тіл академиясына келмей-ақ үйде отырып, немесе жұмыс орнында отырып сабақтарға қатысуға болатын мүмкіндіктер туғызып отырмыз.Қазақ тілі сабағына онлайн тәртібінде де қатысуға болады. Ол үшін www.еdukaz.kz сайтына кіріп, тіркелу қажет. Сабақтар сайт арқылы тегін жүргізіледі.

Сондай-ақ қазақ-түрік лицейі мен Назарбаев зияткерлік мектебіне түскісі келетін оқушылар осында емтиханға дайындала алады. Бүгінде мұнда 7 бала қазақша тіл сындырып жүр. Бұдан басқа тіл академиясында мемлекеттік тапсырыс аясында өңіріміздің ересек тұрғындарына қазақ және ағылшын тілдерінде тегін курстар ұйымдастырылады.

Айгүл Уалиева, Новоишим орта мектебі жанындағы дайындық тобының тәрбиешісі, Ғ.Мүсірепов ауданы.

-Мысалы, 5,6 жастағы балаларға да сабаққа дайындалғанда бала қиналса, мұнда көптеген әдістемелік құралдар мен кітап қорлары бар екен. Және үйден шықпай-ақ тіл академиясының сайтына ұялы телефон, ноутбук, компьютер арқылы кіріп сабақ оқуға болады екен. Енді осыншама жасалған жағдайда кейін қазақ тілін қалайша меңгермеске болмайды.

Жергілікті тіл академиясы Ы.Алтынсарин көшесі, 168 б мекен-жайындағы ғимараттың 202 кабинетінде орналасқан. Жалпы, аталмыш орталық басшылығы бүгінде университет және мектепте жұмыс істейтін 40-қа жуық тәжірибелі ұстазбен келісім-шартқа отырған.

 

 

Берик Касен.