Құқық қорғау органдары

«Отбасында зорлыққа орын жоқ!» акциясы бастау алды

Ал, мына жасы 45-тегі азамат 15 тәулік бойы қамауда отырып, бұзақылықтың алдын алу мақсатында кеңес берілгеннен кейін ащы судан арылып, жұмысқа да орналасқан екен. Ол бірге тұратын әйелдің бұған дейін тәртіп сақшыларын шақыруға себеп болған өз қылығының орынсыздығын мойындап отыр.

Акция барысында тәртіп сақшылары ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған 70-тен астам адамды, тұрмысы нашар 25 отбасы мен жиі у-шу шығаратын 44 жанұяны тексерген. Тұрмыстық қатынастарды бұзу бойынша 11 қала тұрғыны жауапқа тартылып, тағы 18 азаматқа қатысты қорғау ұйғарымы шағырылды.

Татьяна Колесникова, Петропавл қалалық ІІБ зорлық-зомбылықтан әйелдер құқығын қорғау тобының инспекторы.

-Өткізіліп жатқан іс-шараның басты мақсаты – отбасында орын алатын зорлық-зомбылықтардың алдын алып, оларды болдырмау. Тексерістер барысында тіркеуде тұрған тұлғалар бақылауға алынып, олармен профилактикалық жұмыстар өткізілетін болады.

Негізінде тәртіп сақшылары отбасында орын алып жатқан зорлық-зомбылық жайында 39-48-81 сенім телефон нөмірі арқылы учаскелік полиция инспекторларына немесе «102» нөмірі бойынша хабарлау керек екенін ескертуде. Сондай-ақ, зорлық-зомбылықтан әйелдер құқығын қорғаумен айналысатын Ішкі істер басқармасында арнайы топ бар. Олардың жұмысы жайындағы ақпарат облыс орталығындағы барлық телебаннерлерде жарияланып отырады.

 

 

Данаш Хамзина.