Спорт

«Мен чемпионмын» жобасының қатысушылары «Нептун» аквапаркінде

Анна Бойцова- «Нептун» аквапаркінің аға әкімгері.

-Балалар түрлі джакузилерде болып, бассейндерде суға түсті. Олардың саны 5. Сырғанақтар да балғындар көңілінен шықты. Біз олар үшін жақсы дем алыс ұйымдастыруға тырыстық.

Ең алдымен жас спортшылар сырғанақ тебуге кірісті. Мұнда олардың саны 4. Бумеранг, Торнадо, Анаконда және Ниагара. Соңғысы ең экстримальді болып табылады. Аталған аттракционның ұзындығы 165 метр. Орталықта болған балғындар өз таңданысын жасыра алмақ емес. Мұндай белсенді дем алыс оқушылар көңілінен шықты.

– Маған өте ұнады. Суға түсіп, сырғанадық.

– Сырғанақтар басында қорқынышты болды. Бірақ теуіп көрсең, өте қызықты. Жақсы көңіл көтердік.

Балғындардың орталықтағы қауіпсіздігін құтқарушылар мен жаттықтырушылар қадағалауда. Жарыстан соң балғындар үшін мұндай демалыс тек күш- жігер береді дейді олар.

Мұндай тегін дем алу құқығына «Мен чемпионмын» жобасының 200-ге жуық қатысушысы ие болған.

 

 

Магжан Ахмадина.