МТРА жаңалықтары

Елімізде сайлауалды үгіт-насихат науқаны жүруде

Артур Молдағұлов – ҚР-ның президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың облыстық қоғамдық штабының басшысы.

-Кандидаттың қоғамдық қабылдауы қоғамдық штаб аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін, сондай-ақ, тұрғындар арасында сайлау заңнамасы мен сайлауға қатысу тәртібі бойынша түсіндіру шараларын ұйымдастыру, президенттікке үміткер азаматтың сайлаулды бағдарламасын халықпен талқылау үшін кездесулер өткізу мақсатында құрылады.

Қоғамдық қабылдаулар наурыздың 26-сы мен сәуірдің 24-іне дейін сағат таңғы 9.00. бен кешкі 19.00. аралығында жұмыс істейді. Оларға өз бұйымтайымен келген адамдарды кандидаттың сенімді өкілдері қабылдайды. Айта кету керек, бұл ұйымдар үміткердің сайлау қорынан қаржыландырылады.

Татьяна Чепухина – “Нұр Отан” партиясы Петропавл қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

-Қоғамдық қабылдаудың мақсаты – тұрғындармен арадағы байланысты нығайту. Яғни, олардың көңіл-күйін, мұқтаждарын біліп, мәселелері болса оларды дереу шешу қажетпіз.

Қажеттілік туындаған жағдайда адамдардың өтініштері тиісті органдарға жіберіледі. Қазіргі уақытта “Нұр Отан” партиясының қалалық филиалында кеңес беру жұмыстарымен 3 заңгер айналысуда.

 

 

Данаш Хамзина.