Аптадағы маңызды жаңалықтар

2014 жылы өңірімізде мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 46 пайызға жеткен

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі.

-Біздің жерлесіміз, қазақтың ұлы ақыны М.Жұмабаев: “Ұлты үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ” – деп айтқан. Осы жиынға өзге ұлт өкілдері келді. Олар бүгінде қазақ тілін жақсы меңгерген.

Өткен жылы өңірімізде мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 46 пайызға жеткен. Өңірімізде мемлекеттік тілді балабақшадан үйрету үрдісі басты жолға қойылып отыр. Биыл 76 балабақша мен 461 шағын орталықта балғындар қазақша тіл сындырып жүр. 300-ге жуық өзге ұлттың өкілі оқуы қазақша мектептерде білім алуға ниет танытқан.

Кемел Оспанов, СҚО тілдерді дамыту басқармасының басшысы.

-Биылғы оқу жылы ана тілінде білім алатын қазақ балаларының үлесі 67 пайыздан асты. Облыс бойынша орыс тілінде білім беретін мектептерде 2011-2015 жылдар аралығында 49 қазақ сыныбы ашылып, 307 бала ана тілін оқуға мүмкіндік алды.

Жиында мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері сөз алды. Олар бүгінде заң, экономика, білім, медицина сынды түрлі саланың тұтқасын ұстаған. Гариф Хамзаев Петопавл қалалық ІІБ сында қызмет етеді. Азамат мемлекеттік тілді еркін меңгерудің арқасында өзгелермен еркін пікір алмаса алатыныма қуаныштымын дейді.

Гариф Хамзаев, Петопавл қалалық ІІБ учаскелік инспектордың көмекшісі.

-Ұлтын әзірбайжан болғанымен тілім қазақ. Дархан даладай мінезі жайсаң қазақ бауырларымның арасында өскеніме қуанамын.

Кездесуде белорусь, украин, даргин барлығы 8 ұлттың өкілі жүрекжарды лебіздерін қазақша жеткізді. Тіпті кейбірі мінберден ана тілінде өлең оқып, ән шырқады.

Осыдан кейні өңір жетекшісі ҚХА-ның 20 жылдығына орай мемлекетік тілдің міртебесін көтеріп, дәріптеуге қосқан үлесі үшін бірқатар жерлестерімізді алғыс хатымен марапаттап, Ассамблеяның нышаны бейнеленген естелік сыйлықтарды тарту етті.

Аймақ басшысы сөз соңында барлық этнос өкіліне мемлекетік тілді бірлесіп дамытуға ат салысатындарына сенім білдіретіндігін жеткізді.

 

 

Берик Касен.