Балалар

Жайдарманшылар арасында “Наурыз кубогы-2015” атты фестивалі өтті

-Жайдарманшылардың ойынына әрқашан келіп отырамын. Бүгін қызық ойын болатынына сенімдімін.

-“Наурыз кубогі” фестиваліне келгеніне ризамын, жақсы әсер аламын деп ойлаймын.

-Бүгінгі ойыннан тамаша әсер алатыныма сенімдімін. Себебі, біздің ойыншылар өте әзілқой адамдар.

Жастардың арасында қазақ тілінің мәртебесін көтеруді көздеген жайдарманның биылғы фестивалі басқа, жекпе-жек форматында өтуде. Яғни өңірімздің аудандарынан келген ойыншылар бірігіп “СҚО” құрамасы болса, олардың қарсыласы Петропавл қаласының командасы.

Әсем Сүлейменова – СҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысы.

-Наурыз мейрамы қарсаңында “Наурыз кубогі-2015” атты фестиваль өтуде. Бұл шарада 8 құрама бақ сынамақ. Екеуі астаналық команда болса, қалған алтауы жергілікті құрамалар.

Жалпы бұл ойындарда өз бағын сынауға жаңадан келген ойыншылар мен қатар ардагер жайдарманшыларды да кездестіруге болды. Солардың бірі Абылайхан Жақсылық. Петропавл қаласы құрамасының сапында өнер көрсетіп отырған Абылайхан бұл сайыстан тек жеңісті күтемін дейді.

Абылайхан Жақсылық – “Петропавл қаласы” командасының ойыншысы.

-Бұл фестивальға қатысқаныма өте қуаныштымын. Ойын қызық болады деп ойлаймын. Жалпы, жеңіске жетем деген үміттемін.

Әзілдер додасының қорытындысы бойынша қарсыластарын 3-2 есебімен тізе бүктірген Петропавл қаласы командасы Наурыз кубогінің иегері атанды. Жеңімпаздар диплом және де кубокпен марапатталды.

 

 

Риат Шони.