МТРА жаңалықтары

Тыл еңбеккерімен кездесу

Нина Жукова – Тыл еңбеккері.

-Шөп шаптық, сосын оны жинайтынбыз. Қандай тапсырма береді, соның бәрін орындадық. Бұрынғы Приишим, қазіргі Мамлют ауданы Большевик селосында тұрдым. Қазір ол ауыл жоқ. 7-ші класстан кейін Петропавлдағы медициналық техникумына келіп түстім.

Нина Жукова фельдшер-акушер болып 42 жыл еңбек еткен. 1 қыз тәрбиелеп өсіріп, одан 2 немере, 4 шөбере сүйіп отыр. Қарт ана қазір 86 жаста. Ардагер еңбек майданы туралы бүгін жастарға әңгімелеп берді.

Дастан Әмірғали – студент.

-Бүгін Тың еңбеккерімен кездесіп, ол кісіге сұрақтар қойдық. Ол кісінің бастан кешірген көптеген оқиғаларын естідік. Біз ардагерлерді құрметтеуіміз керек себебі.

Колледж ұжымы бұдан басқа өзге де ізгі шараларды ұйымдастырып тұрады екен. Жуырда Наурыз мерекесінің қарсаңында жәрмеңке өткізіп, содан жиналған қаражатқа өздерінде тіркелген 4 қарияға қолғабыс етіп, азық-түлік салынған қоржындар тарту етпекші.

 

 

Данаш Хамзина.