МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер ардагерлердің мұқтаждықтарын қанағаттандыруда

Николай Назаренко, ҰОС ардагері, Қызылжар ауданы.

-Жеңісті Петрозаводск қаласында қарсы алды. Бейбіт күндері Сверловск облысындағы құбыр зауытында жұмыс істедім. Кейін кедендік бекеттің бастығы болдым. Ол жұмыстан шығып Қазақстанға келіп, зейнет жасына дейін ауылдық кеңестің хатшысы болып жұмыс істедім. Мен кәсіпкерлерге, әкімдерге алғысымды айтамын. Жастар осы игі істен үлгі алып, бірінші кезекте ата-аналарын, ұстаздарын, тәлімгерлерінің ақылын алуы қажет. Содан соң ата-балаларының өнегелі ісін үлгі тұтып, соның негізінде ұрпақтар сабақтастығын жоғалтып алмауы тиіс.

Жергілікті атқамінерлер қарт майдангердің өтінішін жерде қалдырмаймыз дейді.

Нұрлан Сұлтанғазин, Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

-Назаренкоға 8 куб отын әкелінді. Үйінің еденіндегі ленолиумды жаңартық. Енді жақында ардагердің үйіне жаңа есік орнатып бермекшіміз. Жалпы біз әрбір ардагердің өтініштерін жерде қалдырмаймыз. Кім не сұраса сонымен қамтуға тырысамыз.

Бүгінде ҰОС-дағы жеңістің 70 жылдық мерейтойында билік басындағылар, жергілікті кәсіпкерлер ардагерлерді басты назарға алған. Қарт жауынгерлердің өтініштерін орындап, мұқтаждықтарын қанағаттандыруға тырысуда. Мысалы, жеке кәсіпркер Сермұхамет Ахмуддинов Қызылжар аудананда тұратын жеңісті жақындатқан 12 ардагердің үйіне 8 кубтан отын жеткізіп берді.

 

 

Берик Касен.