Қоғам

“Пай-пай қазақтың келіндері-ай” байқауы өтті

Биыл 3 жыл қатарынан өткізіліп жатқан шараны нәзік жанды келіндер сәлемдесуден бастап, өнерлерін көрсетіп, ұлттық киімдердің дефилесімен жалғастырды. Бірінші нөмірлі қатысушы Бақытгүл Аубакирова қазақтың ұлттық асын даярлау тапсырмасын үлкен жауапкершілікпен орындады. Ол үш түрлі ұлттық тағам даярлап келіпті.

Бақытгүл Әубәкірова- СҚМУ-дың әлеуметтік оқытушысы.

-Бізге үй тапсырмасы ретінде ұлттық тағамдар дайындап келу керек болды. Мен бауырсақ пен қымыз және ет асып әкелдім. Жалпы тыңғылықты дайындалдым, қарсыластарымның дайындығы да жаман емес. Үздік үштіктің қатарына ілінсем деген тілегім бар.

Сұрақ-жауап бөлімінде қайын атасының есімін атамайтын дәстүрге берік, қазақтың келіндеріне берілген тапсырма да жеңіл болмады. Дәл сахна төрінде ата-енесінің есімін атау керек болды. Бұл сыннан да сүрінбей өткен отаналарының өнерін бағалау қазылар үшін де қиынға соқпақ.

Гүлнар Жұмабаева – “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешені экспозиция және көрмелер ұйымдастырушы маманы.

-Сайыс 5 бөлімнен тұрады. Тапсырмалардың барлығынан сүрінбей өткен келіншек қана жеңіске жетеді. Үздігін таңдап алу, әрине қиынға соғады. Сйыс аяқталғасын барлығы да бағалы силықтармен марапатталатын болады.

Сайыс соңында оқытушы Бақытүл Әубәкірованың еңбегі жанып жүлделі үшінші орынды иемденді. Екінші орынға балабақша тәрбиешісі Раушан Сүттібаева ылайық деп танылды. Ал, полиция аға лейтенанты Баян Байғазкина үздік келін атанды.

 

 

 

Акбопе Танирберген.