Мәдениет

“Гүлдер сөйлейді” көрмесі Петропавлда

Марина Редькина – суретші, Астана қаласы.

-Мен салған суреттерге жұбайым өлең шығарды. Сәйкесінше музыкалық композицияны таңдадық. Көрмені өзіміздің туып-өскен жерімізде ашқанды жөн көріп, осында келдік. Дәл қазір жолдасым үшінші өлеңдер жинағын жазып, мен соның иллюстрацияларымен айналысып жатырмын. Суреттерді салуда көбіне қаламсап пен майлы бояуды пайдаланамын.

Бұл Астана қаласынан келген ерлі-зайыптылардың Петропавлда өткізіп отырған алғашқы көрмесі емес, олар осыған дейін де 2014 жылы “Жапон ертегілері” деген атаумен біріктірілген туындыларын жұртшылық назарына ұсынған. Ал бұл жолы наурыз мерекесімен тұспа-тұс келгендіктен, көктемнің жаршысы ретінде гүлдер тақырыбын таңдапты.

-Жаңа бүр атып жатқан гүлдерді көргенде, көктемнің келгенін сезіндім. Балаларға еңбектерің жансын, қаламдарың ұшталсын дегім келеді.

-Мұндай өнер әркімге беріле бермейді. Бірінің өнерін бірі іліп әкетіп, бір-біріне көмек көрсетіп қолдап жүрген осындай жастарға ризашылығымды білдіремін.

Көрмеде 21 туынды қойылған. Оның ішінде кактус, ақжұпар, наркес аталған мына суреттер қарапайым қаламсаппен қағаз бетіне түсірілген. Көрме бір ай көлемінде жалғаспақ.

 

 

Акбопе Танирберген.