Берік Тайжанов, “ХҚКО” РМК СҚО бойынша филиалы Қызылжар аудандық бөлімінің жетекшісі.
-Мобилдік ХҚКО-ның қызметкерлері тұрғындардан өтініштер қабылдап, оларға кеңес береді. Және құжаттарын рәсімдейді. Осылайша, алыс елді-мекен тұрғындары өздеріне қажетті анықтамаларды алу үшін аудан орталықтарына баруға кететін уақыты мен жол шығындарын үнемдейді.
Бүгінде Мобильдік Халыққа қызмет көрсету орталықтары ауыл тұрғындарына 150-ден астам мелекетік қызмет түрлерін көрсетеді.
Роза Әбішева, “ХҚКО” РМК СҚО бойынша филиалы Қызылжар аудандық бөлімінің инспекторы.
-Халыққа қызмет көрсету орталығы 156 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Біз бүгін Соколов селолық округына тұрғындарды құжаттандыру, оларды тіркеуге тұрғызу, жылжымайтын мүліктерін тіркеу, сотталмағандығы туралы құжат беру сынды мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетуге келдік.
Файзрахман Шамсутдинов жақында еңбек демалысына шықты. Азамат Мобильді ХҚКО-ның арқасында ауылынан ұзамай зейнетақы алуға қажетті құжаттарын рәсімдеп алды.
Файзрахман Шамсутдинов, Соколовка селосының тұрғыны, Қызылжар ауданы.
-Бескөлдегі ХҚКО-на жету үшін бір күнім кететін. Ал, мына Мобильді ХҚКО уақыт үнемдеуге жақсы екен. Құжаттарымды ауылдан ұзамай-ақ рәсімдеп алдым.
Мобильдік Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері Қызылжар ауданына қарасты елді-мекенді 2 аптаның ішінде аралап шықпақ.
Берик Касен.