МТРА жаңалықтары

Теріскейде наурыздың 20-ында күн тұтылды

Андрей Солодовник – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің физика кафедрасының доценті

– Өздеріңіз көріп тұрғандай, Петропавл тұрғындары өте қызық құбылысты тамашалауда. Күн мен түннің теңелуі – жарық жұлдыздың тұтылуымен сәйкес келді. Бұл уақытта күн оңтүстік жарты шардан солтүстікке қарай ойысады.

Таңғажайып астрономиялық құбылысты тамашалаушылардың қатары қалың болды. Олар, күннің тұтылуын “астросолар” құралымен бақылай алды.

– Мен күннің тұтылуын бірнеше рет көрген едім. Маған бұндай құбылысты бақылау өте қызық.

– Күннің бетін айда жапқанын алғаш рет тамашалап отырмын. Астрономиялық құбылыс қызықтырмай қоймайды.

Ғалымдардың айтуынша, енді бұндай астрономилық сәтті теріскейліктер 2030 жылы маусымның 1-де көре алады.

Сагыныш Маркашева.