Қоғам

Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінің ұжымы наурыз мейрамын тойлады

– Наурыз мейрамы – төл мерекеміз. Осы қой жылы барлық халыққа қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болсын деймін. Және барлық халық арасында бірлік, татулық болсын деп тілеймін.

– Елімізде қалыптасқан дәстүр бойынша наурыз мерекесі бұл қазақ халқының дәстүрін ғана насихаттамайды. Басқа ұлттардың бірлігін, достығын дәріптейтін мереке ретінде қарастыруғанымыз жөн дейді. Әрбір шаңырақта молшылық болып, бахыт ұяласын.

Білім ошағының 1-ші қабатында қазақтың киіз үйі құрылып, мол дастархан жайылды. Көне қазақы салт бойынша мұндағылар қой жылы жақсылыққа толы болсын деген ниетпен аластау рәсімін өткізді.

Кейін биыл елде молшылық болсын деген тілекпен шашу шашылды.

Салтанат Сауырбаева, М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің оқытушысы

– Бұл мерекемізді қалалық “Аға буынға көмек – жеңіске тағзым” атты акциясы аясында ұйымдастырдық. Бұл шараны әдеттегідей қазақ ұлттық дәстүрін насихаттау негізінде емес, биылғы ҚХА-ның 20 жылдығы, Ұлы Жеңісіміздің 70 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап отырмыз. Осы мерейлі мерекемен барлық солтүстікқазақстан тұрғындарын, оқытушылар ұжымы мен студенттерімді құттықтаймын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын.

Бүгінде М.Жұмабаев атындағы киелі білім ордасында 30-ға жуық ұлттың өкілі білім алуда. Орыс, татар, ағылшын, кавказ, түрік – барлығы 9 этностың өкілі колледждің 2-ші қабатында ауылдарын құрып, қаймағы бұзылмаған салтын дәріптеді. Өз ана тілдерінде ән шырқап, ұлттық билерін паш етті. Оқу ордасының ұжымы жастармен бірігіп, наурыз мейрамына тыңғылықты дайындалыпты. Киім үлгілерін өздері тігіп,
ас-ауқатты өз қолдарымен әзірлепті.

Аида Әбілова, М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің студенті

– Біз өзбек ұлтының өкіліміз. Бүгін біз дастарханға басты тағамымыз палау, самса, бәтір нан, құрт сияқты тағы да басқа тағамдарды жайдық.

Жәрмеңкеге қойылған бұл тағамдардың барлығы сатылымға қойылған. Одан түскен қаражатқа сыйлықтар алынады. Тарту-таралғыны колледж ұжымы 4 тыл еңбеккеріне жасамақшы.

Берик Касен.