МТРА жаңалықтары

Түрлі ұлт өкілдерінің ойындары ойналды

Ділбара Бегалина- М.Қозыбаев атындағы СҚМУ құқық пәндері кафедрасының аға оқытушысы.

-Бұл шара Наурыз мерекесі қарсаңында өткізіліп жатыр. Біздің оқу орнында 32 ұлттың өкілі білім алады. Мұнда қазақ, орыс, корей халықының ойындары өткізіледі.

Бұл залға жиылған қазақ, орыс, корей, украин халықтарының өкілдерін жеңіске деген құлшыныс біріктірген. Бәсекелестік жоғары. Командалар намысты қолдан бермек емес.

Василий Крючков- М.Қозыбаев атындағы СҚМУ физика кафедрасының оқытушысы.

-Барлық команда мүшелері бұл жарыстарға тиянақты дайындалды. Әрине жеңуге тырысамыз. Бірақ, нәтиже қандай болмасын, ең бастысы біз ұлтымызға қарамастан өте татумыз.

Қос командаға қолдау көрсетіп жатқан жанкүйерлердің де қарасы қалың.

-Мен университет құрамасына қолдау көрсетудемін. Өйткені олар тату әрі жақсы ойнауда.

-Мен ассамблея құрамасы жеңсе екен деймін. Сондықтан осында келдім.

Мына сайыста ойыншылардың қырағылығы маңызды. Өйткені орнатылған себетке допты дәл тигізу қажет.

Кейін мұндағылар қазақ, армян және корей халықтарының ұлттық ойындарын ойнады. Сайыс қортындысы бойынша қос команда тең түсті.

 

 

Магжан Ахмадина.