Без категории

ҰОС-ның ардагері Қожатай Некібаев 32 жыл бойы мұғалім болған

Қожатай Некібаев – Ұлы Отан соғысының ардагері

 

– Шығыста Чита деген қала бар. Соның бер жағында, 30 шақырымдай жерде әскери қалашық орналасқан екен. Соған апарып түсірді. Сол арада бір казармада болып, службамды бастап кеттім. Арасы алыс емес, 3 км жерде 91-ші полк бар екен. Мені соған ауыстырды.

Қожатай Некібаев соғыстағы бірінші ұрысы – 2-ші Украин майданына қатысқан. Бүкіл Еуропаны аралап жүріп, бірнеше қаланы жаудан азат етуге ат салысыпты. Қан майданы ешкімге де оңай болмағаны белгілі. Күні-түні атыс-шабыс, қырғын. Шыбын жанын шүберекке түйіп жаумен алысасың дейді.

Қожатай Некібаев – Ұлы Отан соғысының ардагері

– Шынында, біз бұлай тірі қаламыз деп ойлаған жоқпыз. Окопта жатқанда, таңертеңнен түске шейін жетеміз бе, ал түске жетсең кешке дейін жетеміз бе жоқ па деп ойлайсың. Өйткені, снаряд келіп жарылып жатады, Самолет келіп бомбаны тастайды, жәй атып жатады.

Соғыстың соңына жақын немістердің өздері келіп қолға түскендері қарт майдангердің әлі есінде. Бұл – 1944 жыл екен. Оқиға Чехославакия жерінде болыпты. Фашистер сонда 7 танкілік дивизиямен 3 ай 15 күн өткенде ғана барып берілген.

Қожатай Некібаев – Ұлы Отан соғысының ардагері

– Біз мына жағынан айналып, Карпат даласына дейін барып, темір жол өтеді екен, сол арада ағаш ішінде түнедік. Ар жағы – қала. Таң атқанда қарасақ, оң жағымыздан 30 шақты солдат келе жатыр екен. Қолдарында қару жоқ.

Қожатай Некібаев 1943 жылы кеткеннен елге 48-ші жылы бірақ оралады. Соғыс аяқталған соң 3 жыл әскери міндетін ақарыпты. Келген соң зайыбы Айша әжеймен отау тіккен. Бүгіндеріне отасқандарына – 67 жыл. 10 бала туып-өсірген Батыр ана кезінде бұғанамыз қатаймаған шақта жұмыс істеп, соғыстың ауыртпашылығын тылда жүріп тарттық дейді. Оның да әкесі майданға қатысқан.

Айша Некібаева – Тыл еңбеккері, “Алтын алқа” белгісінің иегері

 

– Масақ тердік. Оны алып келіп, уқалап, бидай қылып, нан қылып жедік. Жалғыз сиырды сауып, соның сүтін майын беріп отырдық.

Қарт майдангер соғыстан кейін 32 жыл мұғалім болып қызмет еткен. Қазір Айша әжей мен Қожатай қария 10 баладан 25 немере мен 16 шөбере сүйіп отыр.

Данаш Хамзина.