МТРА жаңалықтары

Биыл ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының құрылғанына 18 жыл

Анархан Дүйсенова, СҚО әкімінің орынбасары

– Елбасы Н.Назарбаев өз Жолдауында биыл тарихымыз ұлықталатын жыл екенін атап көрсетті. Еліміз Ұлы Жеңістің 70 жылдығын және қазақ хандығының 550 жылдығын атап өткелі отыр. Бүгінде еліміздің әскери күштері ата-бабамыз салған сара жолды лайықты жалғастыруда.

Сондай-ақ, салтанатты жиында ҚР Ұлттық Ұланының Бас қолбасшылығының орынбасары Мұхаметқали Сатов сөз алды. Ол білім ордасында оқып жүрген курстанттарға оқуда сәтілік тіледі.

Мұхаметқали Сатов, ҚР Ұлттық Ұланының Бас қолбасшылығының тәрбие және әлеуметті-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары

– Бүгінде әскери институтта Қырғызстан республикасы мен Тәжікстан республикасының ішкі әскерлеріне жыл сайын 10 офицерден даярлануда. Ол мемлекеттің басшылары бізге алғыстарын білдіруде.

Шара барысында 10 офицер мен оқытушыларға әскери институттың бейнесі бар төсбегі табысталды. 50 шақты қызметкерге облыстық ІІД-ті басшылығының атынан алғыс хат берлді. Оны алғандардың қатарында келісім-шарт бойынша әскери міндетін өтеп жүргендер мен курсанттар бар.

Ержан Айдаров, ҚР Ұлттық Ұланы Әскери институтының курсаты

– Бүгін мен үшін қуанышыты күн. Әскер оқу орынынының басшылығнан марапат алып отырмын. ҚР әр азаматы Отанын қорғау міндеті деп білемін. Мен сондықтан осы оқу орнына түстім.

Жиын соңында курсанттар әскери әндер шырқады.

 

Берик Касен.