Ауыл шаруашылығы

2014 жылы Есіл ауданында 536 адам мемлекет қолдауы арқасында жұмысқа орналасты

Төлеген Бұжықаев, Есіл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі

– Сондай-ақ, Есіл ауданында “Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020 бағдарламасының 1-ші бағыты, яғни “Тұрғын-үй коммунальдық шаруашылығы мен инфрақұрылымды дамыту бойынша ауданда 73,7 млн теңгенің 4 жобасы іске асты. Атап айтсақ, 22 жарым млн. теңгеге Заградов орта мектебіндегі терезелер толығымен жаңартылды. 20 млн. теңге Явленка селосындағы көшелерді ағымдағы жөндеуден өткізуге жұмсалды. Оған қоса Бесқұдық ауылына кіре беріс жол жөндеуден өтті. Оған 22 млн. теңге бөлінді. Корнеевка селосындағы емдеу амбулаториясына күрделі жөндеу жүргізілді. Жоғарыда аталған жұмыстардың барлығына 22 адам уақытша тартылды.

Мұнымен қоймай, есілдіктер “Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020” бағдарламасының екінші тармағын да өз пайдаларына жаратыпты. “Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу” бағыты бойынша Есіл ауданының 38 кәсіпкері мемлекеттен 82,1 млн теңгенің несиесін алып, жаңа 63 жұмыс орнын құрған көрінеді.

Төлеген Бұжықаев, Есіл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі

– Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020″ бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша Есіл ауданының 2 тұрғыны техникалық қызмет көрсету бекетін ашты. Тағы 2 жерлесіміз қоғамдық көлік сатып алды. Явленка селосында мемлекет қолдауы арқасында 2 адам кафе ашты. 32 кәсіпкер 65,6 млн теңгенің несиесін ауыл шаруашылығын дамыту үшін жұмсады.

“Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасының 2-ші бағытына жүгінген бизнесмендердің ішінде Пивоваровтар жанұясы да бар.

Евгений Пивоваров, жеке кәсіпкер, Есіл ауданы

– Қорадағы малдың санын көбейтуді көзедеген біздер 2014 жылы мемлекеттен жылдық 6 пайыз мөлшерлемемен 2 млн. 400 мың теңгенің шағын несиесін алдық. Ол қаражатқа 9 бас мүйізді ірі қара, 1 жылқы мен шошқаның 11 торайын сатып алдық. Несиенің бір бөлігіне жұмысшыларды жалдап, жылы қора салдық. Малдарға қажетті жем-азық қорын даярладық. Қазір алған қарызды біртіндеп өтеп жатырмыз.

Евгений мен Надежда Пивоваровтар жанұясы сәтін салса, көп ұзамай малдардың алғашқы төлдерін алады.

Евгений Пивоваров, жеке кәсіпкер, Есіл ауданы

– Қазір шошқаның торайлары өсті, біз хайуандарды айдың ортасында сойып, базарларға делдалсыз өткіземіз. Көршілеріміз сиыр ұстамайды. Сондықтан біз сүт, қаймақ, айран, ірімшікті ауылдастарымызға сатамыз. Артылғанын ақ өңдеу кәсіпорындарына делдалсыз тапсырамыз.

Жеке кәсіпкер табиғи таза өнімнен түскен табысты толығымен несиені жабуға жұмсамақшы. Отағасы үйдегі хайуанаттарды өзі күтеді, қолы негізгі жұмысынан босамаған шақта бар шаруаны жалдамалы жұмысшысы атқарады екен.

Берик Касен.