Мәдениет

Көрерменге “Мона” лирикалық комедиясы жол тартты

Тимур Каримжанов- Облыстық Н.Погодин атындағы орыс драма театрының көкемдік жетекшісі

– Бүгін көрерменге қызықты әрі, ерекше туынды жол тартпақ. Сонымен қатар Мона рөлін сомдайтын Ирина Пашкинаның бенефисі. Ал пьессаға келетін болсақ, ол – махаббат, үміт, сенім жайлы. Қойылымның оқиғасы дәл осы Петропавл сияқты кішігірім қалада өрбиді. Содықтан менің жаныма ерекше жақын.

Бүгін басты кейіпкер Монаны роліндегі Ирина Пашкинаның орыс драма театрында жұмыс жасап жатқанына биыл 20 жыл. Осы уақыт ішінде ол 50 шақты спектакльде ойнап үлгерген.

Ирина Пашкина – Облыстық Н.Погодин атындағы орыс драма театрының әртісі

– Безымянная звезда” филімін көрдім. Ол – менің жастық шағымды есіме салатын, махаббаттың символы. Қыз жүрегіне қатты әсер ететін туынды. Біз фильмнің дәл көшірмесін жасаған жоқпыз. Біздің кейіпкерлеріміз өзгеше. Мона 20 жылдық еңбегімнің жемісі іспетті, мен үшін ерекше. Мен өз кейіпкеріме тіпті ғашықпын десем де болады.

Монаға ғашық жігіт Мирроюдың рөлін Иринаның өмірдегі жұбайы Роман Лахтин сомдады.

Роман Лахтин – Облыстық Н.Погодин атындағы орыс драма театрының актері

 

– Қойылым махаббат жайлы. Мен сахнада қарапайым, әділдікті іздеген, және кітап оқығанды жақсы көретін сенгіш оқытушымын. Ал Монаның мінезі ауыр, ауыл өмірін менсінбейтін қаланың қызы. Жалпы өмірдегі жұбайымды, сахнада армандап, қол жеткізе алмайтын күйге түсемін. Ол кетіп қалған соң да оралатынына сенім артып, үміттің жетегінде жүремін

Қойылым екінші рет Н.Погодин атындағы драма театрында наурыздың 27-і күні сахналанбақ.

Акбопе Танирберген.