Без категории

Соғыс жылдары тылда еңбек еткендер

Александра Галыгина- тыл еңбеккері

– Біз кішкентай болдық. Аш жалаңаш балалар колхозда еңбектендік. Жұмыс істейтін адам қалмады. Ер азаматтар соғысқа кетті, ал қалған балалар мен әйелдер тылда жүріп еңбек еттік. Өте ауыр жылдарды бастан өткердік.

Александра Галыгинаның әкесі соғыста жүріп қаза тапқан. Оның анасы жалғыз өзі 5 баланы өсіріп жеткізеді. Талай қиындықты көріп өссе де қария өмірге риза. Жастайынан жұмыс істеп үйренген ол әлі күнге дейін қол қусырып отырғанды ұнатпайды. Елімізде, әлемде болып жатқан жаңалықтарды да қалт жібермейді.

Александра Галыгина- тыл еңбеккері

– Елімізде құрмет демалысындағыларға жақсы жағдайлар жасалған. Зейнетақаны уақытылы алып отырамыз. Жұмыс істегендіктен мемлекеттен бөлінетін жәрдемнің көлемі жақсы. Зейнетақы жылда көбейеді. Осының барлығы біздің көреген Елбасымыздың саясатының арқасы деп білемін. Сондықтан сайлауда алғашқылардың бірі болып, ел болашағы үшін өз дауысымды беремін.

Алаександра Михайловнаның жұбайы Борис Галыгинмен отасқандарына 60 жылдан астам уақыт болыпты. Олар 3 баланы тәрбиелеп, өсірген. Қазір 3 немере мен 1 шөберенің сүйікті ата-әжесі атанып отыр.

 

Магжан Ахмадина.