Бизнес және экономика

Өңір кәсіпкерлері мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін айтуда

Сапарғали Даутов, “Даутов” ЖК директорының міндетін атқарушы

– Өткен жылы мемлекет қолдауына жүгініп, жылдық 6 пайыз мөлшерлемемен 2 млн. теңгенің шағын несиесін алдым. Ол ақшаға техникалық қызмет көрсету бекетін салып, көліктерді жөндеуге қажетті құрал-саймандар сатып алдым. Бұл бекетте барлық қызмет түрі ұсынылады. Саймандарды дәнекерлейміз, моторды жөндейміз. Алда бекетің аумағына тас жол төсеуді жоспарлап отырмыз.

Техникалық қызмет көрсету бекетін Сапарғали Даутов әкесімен бірлесіп ашқан екен. Олар бүгінде 4 жерлесін тұрақты табыс көзімен қамтып отыр. Алда, сәтін салса, автобөлшектер сататын дүкен ашпақшы. Сонда тағы бірнеше адам жұмысқа алынады. Николай Шпулин осы нысанда көліктерін жиі тексертіп тұрады. Қызмет көрсету сапасына көңілім толады дейді ол.

Николай Шпулин, Есіл ауданының тұрғыны

 

– Жұмысшылар кез-келген көліктің ақауын аз уақыттың ішінде жөндеп беруге тырысады. Мен мектептің көлігін жүргіземін. Оған қоса жеке машинам бар. Олардың барлығы осында тексертіп тұрамын.

“Даутов” ЖК-нің басшылығы биыл қарыздан артылған қосымша табысқа су жаңа жабдықтар сатып алмақшы. Және келешекте ісін өркендету үшін тағы да мемлекеттік қолдауға жүгінемін деп отыр.

Берик Касен.