Энергетика

«Севказэнергосбыт» ЖШС жылды қорытындылады

Мағауия Сағандықов- «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директоры

– 2015 жылы біз тағы бірнеше қызмет түрін қосуды жоспарлап отырмыз. Біріншіден тұтынушылар сайттағы «Жеке кабинетте» есептегіш құрылғыларын жөндеу жөнінде өтініш қалдыра алатын болады. Тағы заңды тұлғалар сол парақшада көрсеткіштерін тастай алады.

Үстімдегі жылы кәсіпорын көпқабатты үйлерде жылу есептегіш құрылғыларын орнату жұмыстарын да жалғастыруды көздеп отыр. Өткен жылы 60 сондай қондырғы баспаналарға қойылса, биыл олардың саны 5 есеге артпақ. Жалпы серіктестік қызметін пайдаланатын тұрғындар оның жұмысына риза. Ең бастысы барлық мәселелер уақытылы шешімін табады дейді қарамағына 108 пәтерлі үй кіретін «Холодок» ПИК төрайымы Вера Суслова.

Вера Суслова- «Холодок» ПИК төрайымы

– Жылу маусымы кезінде туындайтын барлық мәселелер бойынша серіктесттікке жүгінсек. Барлығы уақытылы шешемін табады. Соңғы екі жылда бізде бірде- бір проблема туындаған емес. Ал осындай кездесулер кәсіпорында атқарылған жұмыстармен танысуға мүмкіндік береді.

Жалпы кәсіпорын инвестициялық бағдарлама бойынша жоспарланған барлық шаруаларды 100 пайызға тындырған.

 

Магжан Ахмадина