МТРА жаңалықтары

Петропалда “Ономастикалық жұмыстарды жүргізудің заңнамалық негіздері” тақырыбында өңірлік семинар өтті

Елерке Төреханова – ҚР МСМ Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің бас сарапшысы.

-Мұндай атауларды бірден өзгертіп жіберейік деп асығыстық танытуда қажет емес. Көптеген өңірлерде басқа ұлт өкілдері тұрады. Заң бойынша ол жерлерде атауларды өзгерту үшін халықтың, жергілікті органдардың ұсынысы керек.

Соңғы 23 жылдың көлмінде Петропавл қаласында 57 көшенің атауы өзгеріпті. Ал облыс бойынша 11 ауданның атауы ауыстырылған. Дегенмен де, өңіріміздің Тайынша ауданында 32 бірдей елді-мекеннің атауы бұрынғыдай сақталған. Алдағы уақытта бұл мәселенің де күрмеуі тарқамақ.

Ернияз Сұлтанов – СҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысы.

-Жалпы облысымызда 589 елді-мекен бар. Оның 237 ғана дәстүрлі қазақша атауларға ие. Олардың санын арттыруда талай жұмыстар атқаруымыз қажет.

Айта кеткен жөн, осыдан 4 жыл бұрын М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ің прфессоры Зарқын Тайшыбайдың “СҚО-ың топонимикалық атаулары” атты жинақ шығару ұсынысы биыл облыс басшылығының қолдауын тауып отыр. Енді үстіміздегі жылдың қазан айында аталмыш кітап жарыққа шығады деп жоспарлануда.

 

 

 

Риат Шони.