МТРА жаңалықтары

Петропавлдағы 20 мектеп жанынан этноүйірме ашылды

Сандуғаш Саматилла – №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің оқушысы.

-Мен өзім қазақ бөлімінде оқимын. Біз факультативті сабақта ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін, қолөнерін, тарихын оқып үйренеміз.

Кейін меймандар №17 ұлтық өркендеу мектеп-кешені шәкірттерінің мерекелік бағдарламасын тамашалады. Бұл жерде әр халықтың ұлттық биі мен әндері, мәдениетінен сыр шертер көріністер бір сахнада тоғысты. Жалпы теріскей жерінде Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен өткізіліп отырған “Достық” фестивалінің жас ұрпақтың өз салт-дәстүрлерін танып-білуде орны өлшеусіз. Оған дәлел – бүгін қаладағы 20 мектептің қабырғасында этноүйірмелердің ашылуы. Енді өзге ұлт өкілдеріне өз ана тілдері мен салт-дәстүрін тереңдей меңгерулеріне мүмкіндік туып отыр.

Гүлмира Кәрімова – Петропавл қалалық білім бөлімінің басшысы.

-Жалпы бұл этноклубтардың мақсаты – сабақтан тыс уақытта әр ұлт оқушыларын біріктіру және біріктіру арқылы ол жерде ерекше осындай құндылықтарды көрсете отырып, оларға әр ұлт жөнінде ақпарат ала алады.

Қазақстан көпұлтты мемлекет. Біздің елімізде тұратын әр азаматқа өз халқының тарихы мен мәдениетінен сусындауына шектеу қойылмаған. Ал мектеп жанынан ашылған мұндай этноүйірмелер – балалардың жастайынан өз салт-дәстүрін үйренуге сеп болмақ.

 

 

Бакыт Садуакасов.