Энергетика

Өңірдің электр таратушы компаниясы қоғамдық тыңдалымда өткен жылды қорытындылады

Александр Рейзлин, “Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы” АҚ бас директоры.

-2014 жылы кәсіпорын үшін қолайлы жыл болды. 16 шақырым кабельдік желі жаңартылды. Мекемеге қарасты ғимараттар мен 20 бекетті күрделі жөндеуден өткіздік. Электр таратушы компания жыл сайын 20 пайызға жуық электр желілерін күрделі жөндеуден өтікізуде. Өткен жылы апаттар 2 пайызға азайды.

Облыстық электр желілерін тарату компаниясының бас директоры Александр Рейзлин қоғамдық тыңдалымда атқарылған жұмыстарды айта келе, өткен жылғы жаңашылдықтарға да тоқталды. Бастысы, былтыр электр шығыны мен апаттық жағдайлар аз болған сыңайлы.

Александр Рейзлин, “Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы” АҚ бас директоры .

-Өткен жылы компания Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында электр қуатының коммерциялық есебін автоматтандыру жүйесін орнатты. Сол арқылы біз есеп құрылғысындағы көрсеткіштерді онлайн режимде біліп отыруға мүмкіндік алдық. Тиісінше, кәсіпорын шығындары азайып, инвестициялық бағдарлама аясында бөлінген біраз қаражат тозған электр желілерін қалыпқа келтіруге жұмсалатын болды.

Биыл инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін 1 млрд. 100 млн. тг. қаражат жұмсалмақ. Ағымдағы жылы электр қуатының коммерциялық есебін автоматтандыру жүйесін енгізу жұмыстары одан әрі жалғасын табады.

 

 

 

Берик Касен.