Спорт

Әскери күш құрылымдарының арасында самбодан облыстық чемпионат бастау алды

Дәурен Нұрғожин – жарыс төоешісі.

-Жарысқа 120-ға жуық спортшы қатысады. Олар 8 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасатын болады.

Жарысқа қатысушылардың бірі – Тайынша аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері Мираз Сәдуақасов. Учаскелік полицейдің көмекшісі самбо спортымен 5 жылдам астам уақыт бойы айналысып келеді. Тәртіп сақшысы жарысқа осымен бесінші рет қатысуда. Ол бүгін 74 келі салмақ дәрежесінде белдесуге шықты.

Мираз Сәдуақасов – жарысқа қатысушы, Тайынша ауданы.

-Мен бұл сайысқа алғаш рет қатысып отырған жоқпын. Қарсыластар мықты. Бірақ бар күшімді салып жүлдеге ілігуге тырысамын.

Жалпы сайыс екі күнге жалғасады. Оның қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, медаль, грамота және де бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

Риат Шони.