МТРА жаңалықтары

Отандық тауарөндірушілерді қолдау

Вера Ермолюк, қала тұрғыны.

-Үнемі елдімізде шығарылған қаймақ, ірімшік, басқа да сүтті тағамдарды алып тұрамын. Сапасы жақсы. Бағасы да жоғары емес.

“Қазақстанда жасалған” акциясы “Рахат” СҮ-де кездейсоқ өтіп жатқан жоқ. Себебі, мұнда сөрелерге шығарылған өнімнің 80 пайызға жуығы отанымызда дайындалады. Жаймаларға 200-ден астам аталымдағы азық-түлік түрі қойылған. Күнделікті тұтынатын тауардың дені Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Алматы облыстарынан жеткізіледі. Осы күні “Қазақстанда жасалған” акциясы “Семейный” сауда үйінде де өткізілді. Онда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері тұрғындарға буклеттер таратты. Парақшада өңірлік тауар өндірушілердің мекен-жайы мен телефон нөмірі жазылған.

-Отандық азық-түліктің сапасы жақсы. Бүгін Темірлан ұнын алдым. Ұннан иленген қамыр жұмсақ. Оған қоса қала нанын алдым. Мен өзімізде барлық тауар түрі шығарылатынын мақтан тұтамын.

– Өзімізде шығарылған өнімдерді алуға тырысамын. Маған “Той” шырыны ұнайды. Және “Зенченко және К” командиттік серіктестігінің сүті жақсы.

Жалпы бүгінде облыста 2 мыңнан астам дүкен болса, аталған акция соның 97 пайызында жүзеге асуда.

 

 

Берик Касен.