МТРА жаңалықтары

Мереке күндері өңіріміздің 14 нәзік жандысы сый-құрметке бөленді

Ринат Елжасов – СҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары.

-Сіздерді осынау көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отыра, жанұяларыңызға амандық, еңбектеріңізде табыс тілеймін. Сіздер, яғни, аналар отбасыларыңыздағы өз балаларыңызға ғана тәрбие беріп қана қоймай, сонымен бірге әлеуметтік мекемелердегі бүлдіршіндерге де қамқорлық жасап келесіздер.

Мерекеде сый-құрметке бөленгендер қатарында Сұлу Мұхамеджанова бар. Азаматша 6 баланы – “қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай” өсіріп, жеткізген.

Сұлу Мұхамеджанова – күміс алқа иегері.

 

-Өзімнің алғысымды білдіремін. Осылай бізді елеп, құттықтап, шақырып жатқанына. Осы жағдайды пайдалана отырып, аналарымызды, қыздарымызды, әріптестерімді мерекемен құттықтаймын.

Айман Құлыбекова бүгінде 6 баласынан 8 немере сүйіп отыр. Құрметті еңбек демалысына шықса да, нәзікжанды әлеуметтік салада еңбек етуде.

Айман Құлыбекова – көп балалы ана.

-Жақсы тәрбие бердім деп ойлаймын. Қазір барлығы қызметте, жұмыс істеп жатқандары бар. Мереке күні бізді шақырып, әлеуметтік салада қызмет атқаратын біздерге осындай құрмет жасаған басшылыққа алғысымды айтамын.

Жалпы бұл күні 14 нәзікжанды марапатқа ие болды.

 

 

Бакыт Садуакасов.