Өнеркәсіп

Энергетиктер жылды қорытындылады

Виктор Бармин- «Севказэнерго» АҚ 2-ші ЖЭО директоры.

-Станцияға ендігі жылы 55 жыл толады. Соған қарамастан ол қазір жасаруда. Жаңғырту жұмыстары жыл сайын жүргізіледі. 3 қазандық алмастырылды. Биыл 12-ші қазандықты қалыпқа келтуіруге кірістік. Былтыр 4-ші турбинаны жаңарттық. Тағы біреуін осы жылы іске қоспақпыз. Жалпы 2020-шы жылға дейін тағы 2 қазандықты жөндеуден өткізбекпіз.

Мамандар былтыр желілерде ешбір ақау орын алған жоқ деп отыр. Сондықтан қоғамдық тыңдауға жиналғандарды негізінен тариф мәселесі толғандырды.

Анатолий Шпак.

-Мен тариф өзгеріске ұшырай ма деген сауал жолдадым. Мамандар маған ағымдағы жылы қабылданған тариф сол күйі қалады деді. Өйткені ол 5 жылға қабылданыпты.

Сондай-ақ, 2015 жылы энергетиктер жөндеу жұмыстарына 8 млрд теңгеден астам қаржы жұмсауды жоспарлаған.

 

 

Магжан Ахмадина.