МТРА жаңалықтары

Салықшылар қала саудагерлерімен түсіндіру шараларын жүргізуде

Уразғали Дарбаев – СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысынының орынбасары.

-Сатушылардан кассалық-бақылау қондырғыларының қаншалықты қолданылып жатқанын байқадық. Тұрғындарға айтарымыз, әр тауарды сатып алған соң, міндетті түрде алынған тауар сомасы көрсетілген чекті талап етіңіз.

Кәсіпкерлер фискалды орган өкілдерінің кеңестерін тыңдады. Олар мұндай шаралардың маңызы зор, – деп отыр.

Татьяна Вансович – “Вансович” ЖК директоры.

-Әрине, осындай әңгіме-кеңестердің жеке кәсіп иелері үшін пайдасы мол. Бүгін салық заңнамасындағы соңғы жаңалықтардан хабардар болдым. Сауда жасауда ешбір кедергі жоқ. Салықты уақтылы төлеп тұрамыз.

Сондай-ақ, емен-жарқын әңгіме барысында фискалды орган өкілдері нәзікжанды сатушыларды мерекемен құттықтады. Айта кету керек, салық мамандары осыған дейін қаладағы 6 сауда орталығында болған.

 

 

Бакыт Садуакасов.