МТРА жаңалықтары

“Жас Отан” ЖҚ СҚОФ әйелдер мейрамына орай концерт ұйымдастырды

Азамат Шәймерденов – “Жас Отан” ЖҚ СҚОФ атқарушы хатшысы.

-Осы сәтті пайдалан отырып, барша аналар мен ақ жаулықты әжелерімізді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймын. Шаңырақтарыңыздан шаттық кетпесін.

Мерекелік концерт көркін жергілікті өнер ұжымдары қыздыра түсті. Сонымен бірге шарада кейінгі толқын – залға жиналған әйелдер қауымына ыстық лебіздерін де білдіріп жатты. Жібек Арықова Қожаберген жырау атындавғы №6 орта мектебінде ағылшын тілінен сабақ береді. Жерлесіміз көрсетіліп отырған сый-құрметке риза.

Жібек Арықова – Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі.

-Өте жақсы концерт болып жатыр. Жас ұрпақ біздерге құрмет көрсетуде, қуантарлық жәйт. Көңіл-күй көтеріңкі, әрине қуанып қалдық.

Концерт соңында мереке иелеріне бәйшешек гүлі тарту етілді.

 

 

Бакыт Садуакасов.