МТРА жаңалықтары

Петропавлдық аналарды студент жастар құттықтауда

Наталья Чайкова- зейнеткер.

-Тамаша тілектерімен бірге мына гүлді сыйлағанда балалардан жылылықты сезіндім, қуандым. Жастардың көңіліне риза болдым. Рахмет! Облыстың барлық нәзік жандыларын көктемнің керемет мерекесімен құттықтаймын.

Бұл Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттерінің көшедегі аналарды күтпеген жерден мерекелерімен құттықтап, қуаныш силау мақсатында ұйымдастырған шарасы. Олар күні бұрын дайындық жасап, шарларды үрлеп, гүлдерді қолдан жасаған екен.

Меруерт Тасқұлова – СҚМУ студенті.

-Бұл халықаралық әйелдер күніне арналған акция. Бүгін біз көше бойы кездескен әйел адамдарға ашық хаттар мен мынадай гүлдер силаймыз.

Бүгінгі күннің суығына қарамастан шарлардан жасалған әдемі гүлдерді СҚМУ жастары қаланың б ауданында нәзік жандыларға таратып жатыр.

Гүлия Салтықова – Перопавл қаласы ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

 

-Бүгін Петропавл қалалық әкімдігі мен жастардың бастамасын ұштастырып осындай ақция ұйымдастырылды. Шараны “Аналардың құшағын гүлге бөлейміз” деп атадық. Университетіміздің жастары белсенділік танытуда.

Бүгінгі 25 студент жұмылдырылған акция барысында нәзік жандыларға осындай 200 гүл мен ашық хаттар сыйға тартылады.