Денсаулық сақтау

Қатерлі дертке шалдыққан науқастардың жан жарасын емдей алатын дәрігер

– Айман Болатқызы біліктілігі жоғары маман. Ол медициналық қызметкерлерді жақсы басқарады. Соның арқасында осы жерде темірдей тәртіп бар. Дәрігерлер науқастарға мейіріммен қарайды. Үнемі келгенде жылы қабақпен қарсы алады. Дәрігерлер көңілге демеу береді. Мен осында өзімді жайлы сезінемін. Өмірге құштарлығымды арттырып, еңсемді түсірмеуге тырысамын.

– Дәрігерлерге қаралып жүргеніме биыл 5-ші жыл. Айман Болатова еңбекқор, жауапкершілігі бар адам. Мен оны алдымызда келе жатқан халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Ол кісінің қолы да, жүрегі де алтын. Айман Болатқызы мамандығын дұрыс таңдаған екен. Мен оған да мықты денсаулық, әйел бақытын тілеймін. Ұзақ ғұмыр кеш. Сен бәріне керексің.

Жоғары санатты дәрігер – Айман Болатова әріптестері арасында да сыйлы.

Бахытжан Өмірзақова, “СҚО онкологиялық диспансер” ШЖҚ КМК химиотерапевтік бөлімшенің химиотерапевт-дәрігері

– Мен Айман Болатовамен 12 жыл әріптеспін. Ол өз ісінің шебері десем қате айтпаймын. Ол ксімен жұмыс істеген мен үшін жеңіл. Айман Болатқызы адамдарды жақсы түсінеді. Бүтіндей бір бөлімшені басқарғасын кейде оған қатал болуға да тура келеді. Ол адамның бетін қақпайды. Оған жұмыста не үйде туындап қалған жеке проблемаларды айтып барсаң, бірлесіп шешуге немесе кеңесін беруге тырысады. Мен оның сол қырын ерекшелеп айтар едім.

Айман Болатованың еңбегін елеп, бұрынғы емделіп кеткен науқастар оған жиі келіп, алғыстарын білдіріп тұрады екен.

Айман Болатова, “СҚО онкологиялық диспансер” ШЖҚ КМК химиотерапевтік бөлімшенің меңгерушісі

– Осыдан 15 жыл бұрын бөлімшеде сүт безінің қатерлігі ісігімен бір әйел емделді. Өкінішке қарай, бүгіндері арамызда жоқ. Бірақ көзі тірісінде жұмысыма келіп, маған алғысын айтып кетті. Өйткені, оның еңсесі түсіп жүргенде мен өзің үшін өмір сүргің келмесе де, балаларың үшін өмір сүр деп кеңес берген едім.
Сол сөзімді келіншек жадында сақтап қалыпты. Ол маған келіп жалғыз қызының 1-сыныпқа барғанын, университетте оқығанын және кейін тұрмысқа шыққанын айтты. Ол осылайша, қызының көз алдында өскенін, жанұя құрғанын көрді.

Айман Болатова медицина саласын ата-анасының қалауы бойынша таңдағанына еш өкінбейді. Тіпті, оның балалары да ана жолын қуғанын қалайды.
Нәзік жанды адамдар өмірінің әрбір сәтін бағалай білу керек деген ойда.

Айман Болатова, “СҚО онкологиялық диспансер” ШЖҚ КМК химиотерапевтік бөлімшенің меңгерушісі

 

– Қайсыбір айықпас күрделі дерт түрі болса да әрбір жан өмір сүру үшін, туған балаларымен мейлінше көп уақыт өткізу үшін арпалысуы тиіс. Кей кездері ондай күрес өз нәтижесін береді.

Ақ халатты абзал жан халықаралық әйелдер мерекесін наурыздың 7-сі ұжыммен тойлап, келесі күнін жанұясына арнайды. Айман Болатова бүгінде жұбайымен бір ұлы-қызын тәрбиелеп отыр.

Берик Касен.