Қоғам

Көп балалы аналарға арналған қайырымдылық концерті өткізілді

Күлбан Шаканова, көп балалы ана

 

– Әр жанұяда кемінде 10 баладан болу керек. Сонда елдің жағдайы түзеледі.

Бұл залда көп балалы аналар отыр. Бүгін нәзік жандылардың құрметіне домбырада күй шертіліп, көктем, махаббат, аналар тақырыбында өзге тілдерде әндер шырқалды.
Кейбірі орындарынан тұрып, би билеп, әртістерге қолдау көрсетті.

“Аналарды аялайық” атты қайырымдылық концерті “Қазақстан халқы Ассамблеясының – 20 ізгі іс” республикалық акциясы аясында өткізілді. Осы тұста өңіріміздің батыр аналарын Ассамблея мүшелері де құттықтады.

Сағындық Салмұрзин, “Қоғамдық келісім” МКМ бас сарапшысы
– Біз көп балалы аналарға арнап қайырымдылық концертін ұйымдастырдық. Осы арқылы біз көп балалы отбасыларды жастарға үлгі етпекпіз.

Аналар бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген рас. Нәзік жандар бүгінде бала тәрбиелеу ісімен айналысып қана қоймай, сонымен қарат әлеуметтік істерге де белсенді араласып жүр.
Халықыралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған концерт соңында нәзік жандарға гүлдер сыйланды.

Берик Касен.