МТРА жаңалықтары

Сыбайлас жемқорлыққа жол бергендердің ешқайсысы жауапсыз қалмайды

Жиында алғашқы болып Айыртау аудандық автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің жетекшісіне қатысты іс қаралды. Азамат осы күнге дейін мемлекеттік сатып алуды ешбір конкурс жарияламай өткізіп келген. Осыған байланысты комиссия мүшелері сыбайлас жемқорлыққа жол берген шенеунікті қызметінен босату туралы ұсыныс жасады. Мұнымен қоса жиында Петропавл қалалық прокуратура қызметкерлерінің ұсынысы да қаралды. Құқық қорғау органының мамандары облыстық филармонияның басшысы Петропавл қалалық мәслихатының депутаты екендігін айтуда. Тәртіптік кеңестің ережесіне сәйкес мемлекеттік қызметші халық қалаулысы бола алмайды. Қазір прокуратура мәселенің ақ-қарасын анықтау мақсатында тиісті сайлау коммисиясына ескерту жасап, бұл азаматқа қатысты материалдарды жоғарғы өкілетті органдарға жіберген.

Джакупов Самат