МТРА жаңалықтары

Наурыз айының соңында күн жылына бастайды

Татьяна Марьина – СҚО гидрометеорология орталығының инженер-синоптигі

– Екінші онкүндіктің басында ауа температурасы төмендеп, түнде сынап бағанасы 5-10 мен 15-20 аязды көрсетпек. Ал күндіз 0-5 аяздан -5 -10-ға дейін төмендемек. Кейін ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Түнде сынап бағанасы 5-10 аязды көрсетсе, күндіз 0-5 жылы болады.

Теріскейдің сары шұнақ аязынан жалыққан қала тұрғындарыда, бұл айдан күн шуағының жайылып, жылы леп танытқанын қалайтындарын жасырған жоқ.

– Көктем болғандықтан жылы ауа райын күтеміз. Алда наурыз мейрамы келе жатыр. Сондықтанда күннің жылы болғанын қалаймыз.

– Біз әрдайым серуендеп көгершіндерді қоректендіреміз. Ол үшін ауа райының жылы болу керек.

– Күннің жиі шуағын шашып, құбылмыл күндердің аз болуын қалаймын.

Наурыз айында жауын-шашын шамадан тыс түспек. Кей жерлерде қар жауып, бірінші және екінші онкүндіктерде боран соғады. Ал көктемнің алғашқы айының ортасында батыстан соққан желдің екпіні күшейіп, 20 метр секундтқа дейін жетпек. Тарихқа үңілсек, синоптиктер облысымызда ең суық ауа температурасын 1954 жылдың 3-ші наурызында тіркепті. Дәл сол күні сынап бағанасы – 35 градусқа дейін төмендеген. Ал алты жыл бұрын наурыздың соңғы күнінде ауа райы 15 градусқа дейін жылынған екен.

 

 

Риат Шони.