Қоғам

Кинолог келіншек ерлермен иық тірестіріп жүр

Наталья Калиниченко, СҚО ІІД кинологиялық қызмет орталығының кинологы

– Бұл жануарлар сипағанды түсінеді. Онымен өткен уақытың, жаттығуларың зая кетпейді. Ол мені осыған дейін ренжітіп көрген емес, үнемі сенімімді ақтауға тырысады. “Юта” өз жұмысын жақсы біледі. Тиісінше, оқиға орнында жұмыс істеу маған да жеңіл. Осылайша, біз екеулесіп, облыс аумағына есірткі алып өтпек болған қылмыскерлердің заңсыз әрекетін әшкере етуге көмектесеміз.

Наталья Калиниченко ит – қасиетті жануар. Онымен дос болған адам мейірімді, көпшіл болады дейді. Және ол әрбір жанның бойындағы төзімділік қасиетін шыңдайды.

Наталья Калиниченко, СҚО ІІД кинологиялық қызмет орталығыкинологы

– Бұл менің алғашқы қызметтік итім. Сондықтан мен оны аздап еркелетемін. Ол еркелікті түсінеді және баптауға көнеді. Берілген пәрмендерді дер кезінде түсініп орындайды. Мінезі жақсы. Көпшілікке үйір әсіресе, балаларға жақын. Басқа тұқымдастарына қарағанда адамдардан жатырқамайды. Менің Ютадан басқа австралиялық овчаркам бар. Оны да үйде ұстаймын.

Наталья Калиниченко СҚО ІІД кинологиялық қызмет орталығында міндетін атқарып жүрген ер адамдардың ішіндегі жалғыз нәзік жанды екен.

Евгений Сичков, СҚО ІІД кинологиялық қызмет орталығының инспектор-кинологы

– Наталья Калиниченко кинологиялық орталықта 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның жауапкершілігі жоғары, әр ісіне ұқыпты қарайды. Адал жан, иттерді жанындай жақсы көреді. Ол облыс аумағында есірткі контрабандасына қатысты орын алған бірқатар қылмыстардың бетін ашты.

Наталья Калиниченконың жолдасы да осы кинологиялық қызмет орталығында жұмыс істейді екен. Олардың некелескеніне көп уақыт өте қоймаған.

Ал, мынау тәртіп сақшыларының айнымас серігіне айналған қызметттік иттер. Кинологиялық қызмет орлығында олардың саны 20 шақты. Айта кеткен жөн, жыл басынан бері СҚО ІІД кинологиялық орталығы қызметтік иттердің көмегімен 150-ге жуық түрлі қылмыстың бетін ашты. Дені ұрлық, қастандық пен адам өлтіруге қатысты болған.

 

Берик Касен.